kokshe_qr
ДССССРБСЖМСНЖК
Автобиография

Ардақ Тасқынбайұлы 1976 жылы 4 наурызда Ақмола облысы Зеренді ауданы Қызыл – Егіс ауылында туды.

1999 жылы «қаржы және кредит» мамандығы бойынша жеке меншік Көкшетау университетін, 2021 жылы А. Мырзахметов атындағы университетін «Құқықтану» мамандығы бойынша бітірген. 2022 жылы ҚР Президентінің жанындағы мемлекеттік басқару Академиясын «басқару және бизнес магистрі» мамандығы бойынша аяқтады.

Еңбек жолын 1993 жылы Зеренді ауданы «Ленин жолы» совхозында механизатор болып бастаған.

2000 жылдан 2007 жылға дейін жеке секторда жұмыс істеді.

2008 жылы Зеренді ауданы бойынша Салық басқармасына мемлекеттік қызметке кірді.

2012 жылы Мәлік Ғабдуллин ауылдық округінің әкімі болып жұмыс істеді.

2015 жылдан 2016 жылға дейін «Көкшетау қаласының тұрғын үй инспекциясы бөлімі» ММ бас маманы қызметін атқарды.

2016 жылдан 2017 жылға дейін Көкшетау қаласы Красный яр ауылдық округі әкімінің орынбасары қызметін атқарды, 2017 жылдан 2021 жылға дейін Көкшетау қаласы Станционный кентінің әкімі болып жұмыс істед, 2021 жылдан 2023 жылға дейін Красный яр ауылдық округінің әкімі болып жұмыс істеді.

Осы лауазымға тағайындалғанша Шортанды ауданы әкімінің орынбасары қызметін атқарды.

Мақалың шыққан күні: 17.10.2023 14:52

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

Яндекс.Метрика