kokshe_qr
ДССССРБСЖМСНЖК
Құрметті тұрғындар!

Қазақстан Республикасында 2019 жылғы 11 қыркүйек пен 30 қараша аралығында Денсаулық сақтау министрлiгiнiң қолдауымен ересек тұрғындарға темекi өнiмдерiн қолдану туралы маңызды сауалнама жүргiзiлетiнiн хабарлаймыз.

АЕО қызметкерi үй шаруашылығын (пәтер, үй, жатақхана) ғылыми iрiктеу жолымен анықталған болады және электронды құрылғы (планшет) көмегiмен үй шаруашылығының (отбасының) бiр тұрғынынан темекi өнiмдерiнiң әр түрлерiн пайдалану (пассивтi темекi шегу, экономикалық аспектiлер, бiлiм және темекiге қатысты) мәселелер бойынша сұрайтын болады. АЕО қызметкерiнде өзiмен бiрге фотосуретi және аты-жөнi (бейдж) бар интервьюер куәлiгi, АЕО-ның темекiнi пайдалану бойынша сұрау туралы ақпараттық хаттарының көшiрмелерi бар.

Бұл жобаның табысы үшiн әрбiр таңдалған респонденттiң сауалнамаға қатысуы өте маңызды. Сауалнамаға қатысушы ұсынатын ақпарат толық құпиялылық жағдайында сақталады. Жеке ақпарат басқа бiреуге, оның iшiнде отбасының басқа мүшелерiне хабарланбайды.

Сауалнама нәтижелерi ҚР Денсаулық сақтау министрлiгi халықтың денсаулығын сақтау мақсатында пайдаланылатын болады.

Ақмола облысында сауалнама Көкшетау қ., Ақкөл, Аршалы, Астрахан, Атбасар, Ерейметау, Жарқайың, Зерендi, Сандықтау, Бурабай және Целиноград аудандарында жоспарлануда.

Қосымша ақпаратты 8 (7172)55-24-34 телефон арқылы алуға болады.

Қатысу үшiн алғыс айтамыз!

28.10.2019
Қараулар: 2115

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

Яндекс.Метрика