«Көкшетау қаласының құрылыс бөлімі» ММ

Ереже

«Көкшетау қаласының құрылыс бөлімі» мемлекеттік мекемесі туралы Ереже

1. Жалпы ережелер

  1. «Көкшетау қаласының құрылыс бөлімі» мемлекеттік мекемесі ( одан әрі – Мемлекеттік мекеме) құрылыс саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
  2. «Көкшетау қаласының құрылыс бөлімі» мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
  3. «Көкшетау қаласының құрылыс бөлімі» мемлекеттік мекемесі ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
  4. «Көкшетау қаласының құрылыс бөлімі» мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
  5. «Көкшетау қаласының құрылыс бөлімі» мемлекеттік мекемесі егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқылы.
  6. «Көкшетау қаласының құрылыс бөлімі» мемлекеттік мекемесі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекеттік мекемесі басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
  7. «Көкшетау қаласының құрылыс бөлімі» мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес қала әкімдігімен бекітіледі.
  8. «Көкшетау қаласының құрылыс бөлімі» мемлекеттік мекемесінің орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, Ақмола облысы, Көкшетау қаласы, Б. Момышұлы көшесі, 21, пошталық индексі 020000.
  9. Мемлекеттік органның толық атауы – «Көкшетау қаласының құрылыс бөлімі» мемлекеттік мекемесі.
  10. Осы Ереже «Көкшетау қаласының құрылыс бөлімі» мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.
  11. «Көкшетау қаласының құрылыс бөлімі» мемлекеттік мекемесінің қызметін қаржыландыру жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.
  12. «Көкшетау қаласының құрылыс бөлімі» мемлекеттік мекемесіне кәсіпкерлік субъектілермен «Көкшетау қаласының құрылыс бөлімі» мемлекеттік мекемесінің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.

2. «Көкшетау қаласының құрылыс бөлімі» мемлекеттік мекемесінің миссиясы, негізгі міндеттері, фукнциялары, құқықтары мен міндеттері

13. «Көкшетау қаласының құрылыс бөлімі» мемлекеттік мекемесінің миссиясы:

1) қала аумағында мемлекеттік құрылыс саясатын іске асыру,

2) мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру және өткізу.

14. «Көкшетау қаласының құрылыс бөлімі» мемлекеттік мекемесінің міндеттері:

1) құрылыс саласындағы бағдарламаларды іске асыру, қала аумағындағы құрылыс кешенінің дамуын, болжау, талдау жасау;

2) мемлекеттік сатп алуды бірыңғай мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушылар жүзеге асыратын уәкілетті орган айқындаған тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің тізбесі бойынша мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру және өткізу.

15. «Көкшетау қаласының құрылыс бөлімі» мемлекеттік мекемесінің функциялары:

1) жергілікті маңыздағы нысандардың құрылысы мәселесі бойынша қаланың жергілікті атқарушы органының шешімдерін іске асыру;

2) жергілікті бюджеттің қаражаттары есебінен жүзеге асырылатын қала аумағындағы мемлекеттік коммуналдық тұрғын үй қорының тұрғын үй құрылысы;

3) қала әкімдігіне құрылыстар, ғимараттар, ғимараттарды, инженерлік және көлік коммуникациялардың құрылысын кеңейту техникалық жарақтандыру, жаңарту, қайта жаңғырту, қалпына келтіру туралы ұсыныстар енгізу;

4) мекеменің құзыреті шегінде қала әкімдігі және әкімінің нормативтік құқықтық жобаларын әзірлеу;

5) құзыреті шегінде мәселелерді қарау кезінде барлық ұйымдарда мемлекеттің мүддесін ұсыну;

6) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында қарастырылған жергілікті мемлекеттік басқару мүддесінде және басқа да қызметтерді жүзеге асыру;

7) үлескерлердің ақшасын тартуға рұқсат беру;

8) тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шарттың есептік жазбасы туралы үзінді беру;

9) мемлекеттік сатып алулар бірыңғай мемлекеттік сатып алу ұйымдастырушылармен жүзеге асырылатын белгілі уәкілетті органмен тауарлар жұмыстар мен қызмметтердің тізімі бойынш мемлекеттік сатып алуларды ұйымдастыру және өткізу;

10) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасында көзделген өзге де функцияларды жүзеге асыру.

16. «Көкшетау қаласының құрылыс бөлімі» мемлекеттік мекемесінің құқықтары және міндеттері:

1) қала әкімдігіне коммуналдық меншік объектілері құрылысының жұмыстарын жақсарту және жетілдіру бойынша ұсыныстар мен сұрақтарды қарауға енгізу;

2) өз құзыреті шегінде заңнамамен белгіленген тәртіпте белгіленген мекемеге жүктелген міндеттер мен тапсырмаларды орындау үшін мемлекеттік органдардан және басқа да ұйымдардан ақпаратты сұрату және алу;

3) мекеме әзірлеуші болып табылатын қала әкімінің және әкімдігінің нормативтік құқықтық актілерінің мониторингін жүзеге асыру жән оларға өзгерістер мен және (немесе) толықтыруларды енгізу, немесе олардың күші жойылды деп тану жөніндегі шараларды қабылдау;

4) ведомстволық бағынысты және меншік формасынан тәуелсіз, Көкшетау қаласы аумағында құрылыс қызметінің барлық субъектілерін орындау үшін міндетті болып табылатын абаттандыруға мақсатты тағайындауларды өзгертпей жаңа тұрғын үй саясатын, ғимараттар мен имараттарды салу, қайта жабдықтауды жүзеге асыру сұрақтары бойынша шешімдерді өз құзыреті шамасында қабылдауға;

5) мекеме мәселелеріне қатысты мәселелер бойынша отырыстарға, кеңестерге, жиналыстарға қатысу;

6) заңнамамен белгіленген тәртіпте мекеменің құзыретіне кіретін мәселелер жөніндегі азаматтардың хаттарын, арыздарын және жеке өтініштерін қарау;

7) Қазақстан Республикасының заңнамасымен қарастырылған басқа да құқықтарды жүзеге асыру және басқа да міндеттерді орындау.

 

3. «Көкшетау қаласының құрылыс бөлімі» мемлекеттік мекемесінің қызметін ұйымдастыру

17. «Көкшетау қаласының құрылыс бөлімі» мемлекеттік мекемесіне басшылықты «Көкшетау қаласының құрылыс бөлімі» мемлекеттік мекемесіне жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бірінші басшы жүзеге асырады.

18. «Көкшетау қаласының құрылыс бөлімі» мемлекеттік мекеменің бірінші басшысын қала әкімі лауазымға тағайындайды және лауазымнан босатады.

19. Мемлекеттік мекеменің бірінші басшысының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындалатын және лауазымнан босатылатын орынбасалары болады.

20. «Көкшетау қаласының құрылыс бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысының өкілеттігі:

1) Қазақстан Республикасының заңнамасымен анықталған өз құзыретінің мәселелері бойынша және осы Ережеге сәйкес мекеме қызметінің мәселелерін шешеді;

2) мекеменің құзыретіне кіретін мәселелер жөнінде белгіленген тәртіпте кеңестер шақырады.

3) мекеме жұмыскерлерінің өкілеттіліктерін анықтайды.

4) барлық ұйымдарда мекеменің мүддесін ұсынады;

5) сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша іс-шаралар қабылдайды және ол үшін дербес жауапкершілікте болады;

6) Қазақстан Республикасының заңнамасымен жүктелген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

«Көкшетау қаласының құрылыс бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысы болмаған кезінде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.

21. Бірінші басшы өз орынбасарларының өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес белгілейді.

 

4. «Көкшетау қаласының құрылыс бөлімі» мемлекеттік мекемесінің мүлкі

22. «Көкшетау қаласының құрылыс бөлімі» мемлекеттік мекемесінің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін. «Көкшетау қаласының құрылыс бөлімі» мемлекеттік мекемесінің мүлкі оған меншік иесімен берілген мүлік және Қазақстан Республикасының заңнамасымен тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.

23. «Көкшетау қаласының құрылыс бөлімі» мемлекеттік мекемесіне бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.

24. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе «Көкшетау қаласының құрылыс бөлімі» мемлекеттік мекемесі өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

 

5. «Көкшетау қаласының құрылыс бөлімі» мемлекеттік мекемесін

қайта ұйымдастыру және тарату

25. «Көкшетау қаласының құрылыс бөлімі» мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру жән тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

Парақтағы соңғы өзгерістер:: 11.10.2023 10:44
© 2024. «Көкшетау қаласының құрылыс бөлімі» ММ